«AQ Group» - Дубайда (БАӘ) тіркелген холдингтік компания. Компания бұрын мұнай және газ өндірумен, қайта өңдеумен және мұнай өнімдерін халықаралық нарықта сатумен, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдаумен, сақтаумен және ауыстырып тиеумен айналысты.
2020 жылдан бері компания Caterpillar (АҚШ) өндірген газ-піспекті генераторлардың көмегімен өзіндік электр энергия өндірісіне және өзіндік дата-орталықтардағы (майнингтік фермалардағы) цифрлық активтердің майнингіне (Bitcoin) кірісті.
Біз сіздің жинақтарыңыздың құнсызданудан сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды болашақта арттыруға мүмкіндік беретін, бірегей цифрлық активті ұсынамыз.
Сіздің әл-ауқаттылығыңыз сіздің қолыңызда.
Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістеріне негізделген, транзакциялар туралы жазбаларды жекелей сақтау және бөліп енгізу технологиясы
Криптовалюталық платформалардың қызмет етуін қамтамасыз ету үшін блокчейнде жаңа блоктарды құру қызметі
Аттас пирингтік төлем жүйесінің орталықсыздандырылған цифрлық валютасы, мұнда пайдаланушылар операцияларды орталықтандырылған бақылаусыз әрі делдалдарсыз, өздігінен жүргізеді
2021 жылдың 3 ақпанында AQ Group компаниясы «Қазақстандық Блокчейн-Технологиялар Қауымдастығын» (ҚБТҚ) құрды. Қауымдастық Қазақстан Республикасында блокчейн технологиясының дамуына жағдай жасап, криптоиндустрияны реттейтін және қолдау көрсететін тиісті заңдарды қабылдау мәселесінде мемлекеттік органдарға консультациялық қызмет көрсетеді. ҚБТҚ блокчейн-технологиялар нарығының қатысушыларын біріктіріп, олардың және дата-орталықтардың мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуінде мүдделеріне өкіл болады.
Жасыл энергетикаға өту – әлемнің ірі экономика өкілдерімен белгіленген әлемдік тренд.
AQ GROUP үкімет тарапынан жүзеге асырылатын күш-жігерлерін қолдап, жаңартылатын энергия көздері есебінен цифрлық майнинг көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.