Жариялаған:
2023 жылы 12 желтоқсанда Мемлекет басшысы салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңға қол қойды. Оған сәйкес майнерлерге цифрлық майнингке төлемақы мөлшерлемесін энергия жүйеден 1 кВт/сағ электр энергиясын пайдаланған кезде дифференцияланған 26 теңгеден белгіленген 2 теңгеге дейін, сондай-ақ автономды газ генерациясын пайдаланған кезде 10 теңгеден 1 теңгеге дейін төмендетті.
Сонымен қатар, цифрлық активтер биржалары транзакциялар үшін ҚҚС төлеуден босатылды.